Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жадпыға міндетті стандарты негізінде жүзеге асырылады.
Қосымша үйірмелер
Каратэ, Шахмат, Логопед, Музыка Хореография, Ағылшын
Инновация
Мемлекеттік бағдарламадан бөлек, баланың логикасын, тілін және ұсақ моторикасын дамытатын заманауи әдістемелер (Монтессори, STEM элементтері) қолданылады.
Кәсіби педагогтар құрамы
Балабақшамызда жоғары білімді, көпжылдық тәжірибесі бар және бала жанын түсінетін білікті тәрбиешілер, логопедтер мен психологтар жұмыс істейді.
Ыңғайлы әрі жайлы орта
Кең әрі жарық топ бөлмелері, заманауи ойыншықтар, экологиялық таза жиһаздар және әр жас ерекшелігіне сай жабдықталған қауіпсіз аула алаңдары.
Қауіпсіз орта
24/7 бейнебақылау жүйесі, күзет және жабық, қауіпсіз ойын алаңдары.
2021ж қыркүйек айынан бастап балабақша болып ашылды. Біздің балабақша 2021жылдың қараша айынан бері тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Осы уақыт аралығында 1000ға жуық түлек тәрбиелеп, үлкен өмірге қанат қақтырдық. Балабақшадағы тәрбие мен оқу процесі толықтай қазақ тілінде жүргізіледі. Балалардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейіне сай жағдай жасалған.
Жаңалықтар
Ас мәзірі жаңартылды
Балалардың денсаулығы мен иммунитетін нығайту мақсатында маусымдық дәрумендерге бай жаңа 5 мезгіл ас мәзірі енгізілді.
Қауіпсіздік — біздің басты міндетіміз
Балабақшамыздың күзет және бейнебақылау жүйелері жоспарлы тексерістен өтті. Балалар үшін ең қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуді жалғастырамыз.
Басшы
Алмасова Гүлбаршын Бақытжанқызы
Балабақша басшысы
Бізге ең қымбат қазынаңыз — балаңызды сеніп тапсырғаныңыз үшін алғыс айтамыз! Есігіміз сіздер үшін әрдайым ашық!